• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Ақпан, 2018

Ел дамуының жаңа мүмкіндіктері

717 рет
көрсетілді

Президент Н.Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында Қазақстанның қол жеткізген табыстарын саралай келіп, елдің өндіруші күшін жаңғырту бағытындағы негізгі мін­дет­терді атап көрсетті.

Жолдауда инновациялық экожүйе жетіс­тігі­нің негізгі факторы ретінде экономи­каның нақ­ты секторындағы жаңа технологияға сұра­ныс пен жеке нарықты қаржыландыру мәселесі орынды көтерілген. Нұрсұлтан Назарбаев төртінші өнеркәсіптік революцияның аясында жұ­мыс­ты қайта жандандыру үшін адам капиталына басымдық беріп отыр. Мәселен, еңбек өнімділігін айтарлықтай жоғарылату мақсатында егін­ді егу мен жинап алудың тиімді мерзімін заманауи технологиялар арқ­ы­лы анықтап, «ақылды суару», минералды тыңайтқыштарды және арам­шөп отауды интеллектуалды жүйе арқылы жүзеге асыру қажеттігі нақты айтылған.

Мемлекеттік басқару мекемелері елді жаңғырту барысында өз тари­хын, тілін, мәдениетін білетін адамдардың қоғамын қалып­тас­ты­руды жүзеге асыруы тиіс. Осы орайда айта кету керек, әрбір қазақ­стандық шетел тілдерін меңгеріп, заманауи және жаһандық көз­қарасқа ие болуы қажет.

Негізінде, Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында қазақ­стан­­дық қоғам мен мемлекеттің келешектегі даму бағыты айқын көр­се­тіл­ген. Бұл өз кезегінде елдің уақыт талабына сай дамуына мүмкіндік береді.

Александр БАЙЧОРОВ, философия ғылымдарының докторы, профессор (Беларусь)